USD
USD
USD

Қазақстанда француз университетінің филиалы ашылады

Мемлекет басшысының Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Францияның жетекші инженерлік мектебі – Grenoble INP – Phelma, UGA университетімен 2026 жылы Satbayev University базасында француз техникалық университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол жеткізді.

француз университеті
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Келісімге қол қою рәсімі ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің және Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогенің қатысуымен өтті. Құжатқа екі университеттің вице-президенттері – Гюльген Алпан (Grenoble INP – Phelma, UGA) және Самғат Ермекбаев (Satbayev University) қол қойды.

Grenoble INP – Phelma, UGA – Еуропадағы ядролық технологиялар саласындағы ең ірі ғылыми-зерттеу және өндірістік кластерлердің бірі. Университет ядролық физика, электроника және материалтану салаларында алдыңғы қатарлы білім береді. Оның инженерлік бағдарламалары THE және QS халықаралық рейтинг агенттіктері тарапынан жоғары бағаланған.

Satbayev University базасындағы Grenoble INP – Phelma, UGA филиалында ядролық инженерия және жаңартылатын энергия саласына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында 3+1 форматындағы қос дипломды білім беру бағдарламалары іске қосылады. Бағдарламалар Nuclear Engineering, Renewable Engineering және Advanced Studies сияқты сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды.

Аталған бағдарламалар Қазақстанда алғашқы атом электр станцияларын салу кезеңінде аса өзекті болып отыр. Бағдарламаға қатысатын студенттер Франциядағы АЭС-терде тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады. Бұл елдегі 56 ядролық реактор ұлттық энергетикалық баланстың 70%-дан астамын қамтамасыз етеді. Осылайша, түлектер отандық энергетика нысандарында жұмыс істеуге дайын, жоғары білікті әрі тәжірибеге бейімделген мамандар болады.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайында адам қаза тапты

Алматы әуежайы

47 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған: Ғылым саласына жүргізілген аудит қандай кемшіліктерді анықтады?

Әлихан Смайылов

Көкшетаудағы екі сот қызметкерінің өлімі арасында байланыс бар-жоғын полиция тексеріп жатыр

Ақан Дайыркен мен Аян Дүйсеков

Назарбаевтар отбасымен құдандалы болған экс-премьер түрмеден үйқамаққа ауысты

Наджиб Разак