USD
USD
USD

Қазақстанда ЭЦҚ беру тәсілі өзгереді

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру өзгереді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді.

ЭЦП
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Цифрлық даму министрлігі файлдық тасымалдаушымен (флешка) ЭЦҚ шығаруды тоқтатып, биометриялық сәйкестендіру және токендерге көшуді жоспарлап отыр.

Былтыр алғаш рет ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне дербес деректерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау функциясы берілді. Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде жинауға, өңдеуге тыйым салынды.

«Бәріміз де ондай жайтқа тап болған шығармыз. Қонақүйге барсаңыз, жеке куәлік сұрайтын. Сұрап қана қоймай, қағаздағы көшірмесін алып қалатын. Ондай жағдай екінші деңгейлі банктерде де, өзге ұйымдарда да болған. Қазір жеке басты куәландыратын құжаттың қағаздағы көшірмесін жинауға заңмен тыйым салынған», - деді Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Р.Әбдіқалықов.

Былтыр дербес деректер саласындағы заңнама талаптарын бұзу бойынша 38, биыл 7 айда 44 іс қозғалған.

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu