USD
USD
USD

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

Қазақстандық ғалымдар ет өнімдерінің құрамында қандай қоспа бар екенін анықтайтын жаңа ПТР-тест жасады. 

баға
Фото: shutterstock

Астана, NEGE. Тест-жүйені С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымдары әзірлеген.

Тест 17 түрлі жануар мен құстың ДНҚ-сын анықтай алады. Олардың қатарында сиыр, жылқы, шошқа, қой, ешкі, есек, ит, мысық, ақбөкен, марал, елік, арқар, егеуқұйрық, тышқан, тауық, үйрек және күркетауық бар.

«Шұжық өнімдерінің, жартылай фабрикаттардың, консервілердің және басқа да өнімдердің нақты құрамы қаптамада көрсетілген ақпаратқа сәйкес келмеуі мүмкін. Әсіресе етті ұсақтағаннан, термиялық өңдеуден өткізгеннен немесе әртүрлі шикізат түрлерін араластырғаннан кейін оның басқа түрмен алмастырылғанын анықтау қиын», – деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Сонымен қатар, тест бір сынамадан бірнеше жануардың ДНҚ-сын бір мезгілде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу санын және реагент шығынын азайтуға көмектеспек. 

Ведомствоның мәліметінше, ПТР-тест шикі етті де, шұжық, ветчина және ет консервілері сияқты өңделген өнімдерді де тексеруге арналған.

Тест-жүйеге патент алынған. Жаңа әзірлемені ветеринариялық және сынақ зертханалары, мемлекеттік бақылау органдары мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары пайдалана алады.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева