USD
USD
USD

Қазақстанда ескі көліктерге салынатын салық қайта қаралады

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде көлік салығының мөлшерін қайта қарауға қатысты пікір білдірді. 

Авто
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қазір көлікке қатысты жұмыс тобы тиісті талқылау өткізді. Біз бұл мәселені «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Үкімет деңгейінде қарастырып жатырмыз. Ресми мәлімдеме жасауға әлі ерте, өйткені шешім әлі түпкілікті қабылданған жоқ. Біз 20-30 жыл пайдаланылып келе жатқан ескі көлікке қатысты мәселе көтеріп жатырмыз. Яғни, түзету коэффициентін қолдануды ұсындық, яғни оларға жаңа автомобильге арналған ставка бойынша салық салынбайды. Сонымен қатар, халыққа жүктемені азайтуға бағытталған басқа да ұсыныстар бар. Ал егер тым қымбат көлік болса, бұл ретте сән-салтанат салығы ескерілмек. Осы арқылы салық жүктемесін қайта бөлу мүмкіндігі пысықталып жатыр. Бүкіл ұсыныстар пысықталғаннан кейін түпкілікті шешім қабылдаймыз. Жақында жаңа Салық кодексінің жобасы таныстырылады», - деді Ержан Біржанов. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы