USD
USD
USD

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

Қазақстанда автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасына арналған утиль алымының жаңа мөлшерлемелері белгіленді.

утиль алымы
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Ескі автомобильдерді кәдеге жарату бағдарламасын биыл қайта іске қосу жоспарланып отыр, деп жазады Inbusiness.kz.

Жеңілдік сертификатының мөлшері көлік құралының санатына қарай белгіленген.

M1 санатындағы жеңіл автомобильдерге 315 мың теңге мөлшерінде жеңілдік қарастырылған. M2 санатындағы жолаушылар көлігіне берілетін сертификат 550 мың теңге, ал M3 санатындағы ірі жолаушылар көлігіне 750 мың теңге болмақ.

N1 және N2 санатындағы жүк автомобильдеріне де 550 мың теңге мөлшерінде жеңілдік беріледі. Ал N3 санатындағы ауыр жүк көліктерінің иелері 750 мың теңгелік сертификат ала алады.

Осылайша, бағдарлама аясындағы жеңілдіктің ең жоғары мөлшері 750 мың теңге болады. Сертификаттарды ескі көлікті кәдеге жаратуға тапсырғаннан кейін жаңа автомобиль сатып алуға пайдалануға болады.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу