USD
USD
USD

Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Электр энергиясы
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бектеновтің мәлімдеуінше, биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Оның айтуынша, өткен жылы тапшылық 29%-ға азайған.

Сондай-ақ ол елімізде электр энергиясының тапшылығы әлі де сақталып отырғанын, ол ең жоғары жүктеме кезеңдерінде импорт есебінен жабылатынын атап өтті.

«Жаңа тариф саясатының нәтижесінде реттеліп көрсетілетін қызметтердегі әділ нарықтық жағдайлар қалпына келуде. Қазіргі уақытта болжамды тарифтер ТКШ саласына жеке инвестицияларды қайта тартуға жол ашты», – деді Олжас Бектенов.

Мысалы, өткен жылы энергетика саласына 655 млрд теңге инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткіш шамамен 900 млрд теңге деңгейінде болады деп болжанған. 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру көлемі 39 млрд киловатт-сағатқа ұлғаймақ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ