USD
USD
USD

Қазақстанда эндаумент-қорлар туралы жеке заң пайда болады

Мәжіліс «Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы» және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен әзірленген бұл заң жобасы нысаналы капитал қорларын және эндаумент-қорларды ашық түрде қалыптастыру мен жұмыс істеуіне құқықтық негіз қалайды.

құттықтау жеделхаты
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Онда білім беру, ғылым және инновациялық қызмет, бұқаралық спорт, дәрілік қамту мен медициналық қызмет көрсету, халықты әлеуметтік қорғау сияқты эндаумент-қорлардың қаржыландыру салалары нақты айқындалған.

Эндаумент-қордың активтері құрамына ақшалай қаражат, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және зияткерлік меншік кіре алады. Оған мүлікті шектеусіз мерзімге, кем дегенде 10 жылға дейін беруге болады. Берілген мүліктің құны сақталады, тек оны басқарудан түскен инвестициялық табысты ғана жұмсауға рұқсат етіледі. Активтер көлемі заң жобасында белгіленген шектен асқан жағдайда, олар міндетті түрде кәсіби басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына берілуге тиіс.

Депутаттардың ұсынысы бойынша бұл шек 10 мың АЕК мөлшерінде белгіленді, ал активтерді беру мерзімі – 3 ай. Осы уақытқа дейін олар екінші деңгейлі банктердің депозиттерінде орналастырылады.

Мәжіліс депутаттары нақтылап өткендей, бұл заң жобасы автономды білім беру ұйымдарының эндаумент-қорларының қызметіне қолданылмайды. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар