Референдум Референдум
USD
USD
USD

Қазақстанда төбет пен тазы күні ресми түрде аталып өтеді

Қазақстанда мерекелік күндердің күнтізбесінде жаңа мереке пайда болмақ. Экология министрлігі "Қазақстан республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан үкіметінің қаулысына толықтыру енгізу туралы жобаны ұсынды. Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

ит
Фото: altainews.kz

 Алматы, NEGE. Жоба мәтініне сай, еліміздің мерекелік күндерінің тізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізіліп, 3 қыркүйекті қазақы ит тұқымдары күні ретінде белгілеу ұсынылған.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: "11-1. қазақы ит тұқымдарын күні – үшінші қыркүйек". 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

 Қоғамдық талқылау 17 ақпан күні аяқталады. 

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов