Қазақстанда емханаларға тіркелу тәртібі мен скрининг ережелері өзгереді
2026 және 2027 жылдан бастап Қазақстанда емханаларға тіркелу және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету тәртібі жаңартылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 21 қазандағы бұйрығында хабарланды.
Алматы, NEGE. Енді азаматтар, кандастар, босқындар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар өздерінің тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша емхана таңдап, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ала алады. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің азаматтары мен олардың отбасылары да осы тәртіппен қызметке қол жеткізе алады.
Шекаралас аудандарда тұратын азаматтар жақын маңдағы әкімшілік бірліктегі емханаға тіркеле алады. Поликлиникаға тіркелу үшін "Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" мемлекеттік қызметі енгізіледі. Бұл қызмет арқылы азаматтар өз емханасын таңдап, қажет болған жағдайда ақпараттық жүйелер арқылы медициналық қызмет алу мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен қатар, скринингтік зерттеулер ережелері де жаңартылады. 2026 жылдан бастап глаукома күдігі туындаған жағдайда офтальмолог консультациясы міндетті түрде ГОБМП көлеміне қосылады. 2027 жылдан бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ережелерінің кейбір нормалары енгізіледі, оның ішінде емханалардағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі де жаңартылады.
Жаңа ережелердің негізгі мақсаты – азаматтарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, олардың құқықтары мен таңдау мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін күшейту.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бір бөлігін, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап толық күшіне енеді.