USD
USD
USD

Қазақстанда электросамокаттарға мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті.

Самокат
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында самокаттарға қатысты талаптарды күшейту мүмкіндігі жайында сұрақ қойылды.

«Біз Әділет министрлігі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының алаңында бірқатар қосымша түзету дайындап жатырмыз. Атап айтқанда, шетелде қолданылатын тәжірибені енгізу туралы ұсыныс бар. Осы орайда Швейцарияның тәжірибесін зерттедік, яғни ол жақта мемлекеттік нөмірлер тек самокаттарда ғана емес, велосипедтерде де бар. Сондықтан бұл норма мен ұсыныс өте өзекті», - деді С. Әділов.

Оның айтуынша, бұл ұсыныс қазір талқыланып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC