Референдум Референдум
USD
USD
USD

Қазақстанда электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қолға алынды

Мәжіліс экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Электромобиль
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Заң жобасында көлік құралдарының түрлерін заңнамалық деңгейде сәйкестендіру үшін «гибридті автомобиль» және «электромобиль» ұғымдары енгізіледі. Электромобильдер тұрақ пен паркингтерде арнайы орындарымен қамтамасыз етіледі, ал олардың иелері автотұрақ ақысын төлеуден босатылады.

Сонымен қатар жол бойындағы қызмет көрсету нысанына жатқызылатын «электр зарядтау станциясы» түсінігі енгізіледі. Жолдарды жобалау кезінде олар үшін бөлек орындар жабдықтау, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында аумақты электрмен қуаттау станцияларын орналастыру үшін резервке қою, оларды тұрғын және қоғамдық аймақтарда орналастыру жоспарланған.

«Жол жүрісі туралы» заңға электр қозғалтқыштарымен жабдықталмаған көлік құралдарының жүргізушілеріне электр зарядтау станцияларымен жабдықталған орындарда тұрақтауға тыйым салатын норма енгізу ұсынылды. Бұл үшін Әкімшілік кодексте жауапкершілік енгізіледі.

Заң жобасын қабылдау электрмен жүретін көліктердің инфрақұрылымын дамытуға, экологиялық таза көліктердің жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға және электр зарядтау станцияларын орнатуды реттеудің құқықтық тетіктерін бекітуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда