USD
USD
USD

Қазақстанда электр энергиясы тарифтері тағы өзгеруі мүмкін

Энергетика министрлігі 60 энергия өндіруші ұйымның өтініші негізінде электр энергиясына шекті тарифтер бекітуді ұсынды. 

Электр энергиясы
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжат түсіндірмесінде тұрақты энергиямен жабдықтауды және генерациялаушы қуаттарды жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында 60 энергия өндіруші ұйым үшін шекті тарифтер қайта қаралғаны жазылған. 

«Шешім жөндеу науқандарын уақтылы өткізу, сондай-ақ жабдықтардың сенімділігін жаңарту мен ұстап тұру бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті қаржылық жағдайларды жасауға бағытталған», – делінген түсіндірмеде.

Жаңа тарифтер 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілмек. Алайда шекті тарифтердің қаншалықты қымбаттайтыны және бұл өзгерістердің қай өңірлерге қатысты болатыны нақтыланбаған.

Бұл ретте бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайтыны атап өтілген.

 

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған