18 Сәуір 10:47
...

Қазақстанда Дүниежүзілік креатив күні қалай өтеді?

PR NAURYZ KOZHE
Фото: PR NAURYZ KOZHE

21 сәуір күні Астана және Алматы қалаларында креативтілік апталығы басталады.

Алматы, NEGE. Оның аясында бірнеше күн әр түрлі алаңдарда 100-ден аса іс-шара ұйымдастырылмақ. Дүниежүзілік креативтілік күні аясында митаптар, конференциялар, уоркшоптар, питчингтер, стартаптар, суретшілердің көрмесі және тағы сол сияқты ауқымды іс-шаралар өтеді. Бұл мереке алғашында «Шығармашылық пен инновация» күні атауымен 2002 жылы 21 сәуірде тойланған екен. Содан бері жыл сайын атап өтіліп келеді.

«Биыл Қазақстан ресми түрде World Creativity and Innovation Day (БҰҰ жаһандық деңгейде маңызды деп таныған) мерекесін атап өтетін елдердің қатарына қосылды. Осы мақсатта барлық ел тұрғынына арнап Ұлттық креативтілік фестивалін ұйымдастырмақ», - деп атап өтті CIAQ атқарушы директоры және Астана қаласындағы фестиваль үйлестірушісі Давид Туганов.

Мереке тойланатын қалалардағы түрлі алаңдарда мынадай іс-шаралар жоспарланған:

– мастер-кластар, дәрістер, шығармашылық зертханалар дизайнерлер, суретшілер, иллюстраторлар көрмесі;

– қолөнершілер жәрмеңкесі
артистердің ашық қойылымдары, перформанстар және мәдени іс-шаралар

– білім беру ұйымдары, қалалық бастамалар, бизнес және қоғамдық ұйымдардың жобаларын таныстыру.

Нетуоркингтердің ең бастысы 26 сәуірде өтетін PR NAURYZ KOZHE митабы болмақ.

Ол жерде ұлттық бірегейлікті креатив тұрғысынан талданады. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстанның Креативті индустриялар альянсы (CIAQ) және PR Alliance қауымдастығы (негізін қалаушылар – Гаухар Абеуова мен Әсел Алимхан).

PR NAURYZ KOZHE – әр түрлі саладағы кәсіби мамандардың басын қосып, Қазақстандағы бірегейлікті коммуникацияның, мәдениет пен өнердің жаңа формасында қайта қарауды мақсат еткен креаторлар мен медиа өкілдерінің кездесуі.

Бұл — ашық ойлар мен еркін форматтар алаңы. Мұнда дәстүрлі дүниелерден бастап ең заманауи, креативті бағыттар қамтылады. Барлығы PR, сән, тағам, театр, қолөнер, би, жаңа медиа, стиль, фото, дизайн және басқа да өнер түрлері арқылы көрсетіледі.

Кездесудің мақсаты – медиа мен креаторлық индустрия арасында диалог құрып, жаңа жобалар, идеялар мен серіктестіктерге дем беру.

Қатысушыларды сән, дизайн, ұлттық тағамдар, бренд-талдау сынды салалардағы үздік спикерлердің баяндамалары, ұлттық мәдениеттің бренд-амбассадорларының перформанстары, дизайнерлердің сән көрсетілімі мен этно-маркет күтеді.

Мына сілтеме арқылы тіркелуге болады:
Ұйымдастырушылар: PR Alliance, Қазақстанның Креативті индустриялар альянсы (CIAQ)

Сонымен бірге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының, "Астана жастары" Жастар ресурстық орталығының, Астана қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының, Orta Community, FORTE KULANSHI ART SPACE, Jas Almaty, Almaty Creative креативті индустрияларды дамыту орталығы, Алматы қаласындағы комьюнити-орталықтар желісі, Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығы, Oskemen Creative, Атырау қаласындағы YEMAA contemporary culture center, сондай-ақ жергілікті хабтар, ЖОО-дар мен қауымдастықтардың қолдауымен өтеді.