USD
USD
USD

Қазақстанда доллар бағамы тағы да өсуде

2024 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттық қорытындыланды.

Доллар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,54 теңгеге көтеріліп, 525,11 теңгені құрады. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда доллар бағамының тағы бір көтерілуін көрсетеді.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша, юань бағамы 0,10 тармаққа төмендеп, 71,85 теңгеге жетті.

Ақша айырбастау орындарында доллардың құны 525,74-530,07 теңге аралығында белгіленсе, еуро 543,93-551,07 теңге, ал рубль 4,92-5,07 теңге аралығында сатылуда.

31 желтоқсандағы мұнай бағасы да өсуде. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,3%-ға өсіп, барреліне 74,4 долларды құрады. Америкалық West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 0,45%-ға көтеріліп, барреліне 70,92 долларды құрады.

Таңертеңгілік сауда қорытындысы бойынша Ұлттық банк доллар бағамын 523,54 теңге, еуроны 546,47 теңге, рубльді 4,99 теңге деп белгіледі.

Қазір оқып жатыр

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?

сот

Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр

Қапам ата мешіті

Жазда Астанадан Балқаш, Үржар бағытында арзан рейстер ашылады

әуе рейстері

Жақсылық Омарға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Жақсылық Омар