USD
USD
USD

Қазақстанда дизель отынына цифрлық бақылау және таңбалау жүйесі енгізілді

Қазақстанда дизель отынын сары, көк және қызыл түстерге бояу жүйесі енгізіліп, жеке ПИН-кодтар белгіленді, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жүйесінде дизель отынына арналған жеке виртуалды қойма құрылды.

Дизель отыны
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, бұл шара ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отынының қозғалысын бақылау және бұл процестің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

Қабылданған шаралар дизель отынын мақсатсыз пайдалану көлемін 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін 21 %-ға төмендетуге мүмкіндік берген.

Жалпы жыл басында егіс науқанына арналған 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілген. Жеткізілімдер осы жылдың 1 ақпаны мен 30 маусымы аралығында жүргізіледі.

Дизель отынының ұсынылған бағасы – өңірлердегі жеткізу станциясына дейін ҚҚС-ны қоса есептегенде литріне 263 теңге. Өңірлерде түпкілікті баға литріне 281 теңгеге дейін өуі мүмкін. Бұл, ведомство мәліметінше, орташа бөлшек сауда бағасынан 49 теңгеге немесе 15 %-ға төмен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City