USD
USD
USD

Қазақстанда дарынды балаларға арналған «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебі ашылады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебінің құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Мектеп оқушылары
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жаңа білім ошағы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл» іс идеясына негізделеді.

Оқу процесі қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға бағытталған. Ол үшін Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернатының әлеуеті толық көлемде қолданылады.

«Республикалық дарынды балаларға арналған Абай атындағы арнайы мектеп-интернатын модернизациялау отандық білім саласының дамуына жаңа серпін беріп, өскелең ұрпақ арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға үлес қосады. «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» заманауи білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті жастар үшін оқу-ағарту орталығына айналуы қажет. Ол Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасы мен Абайдың «Толық адам» іліміне сәйкес патриоттардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта біртұтас «ABAY-Programme» бағдарламасы әзірленуде, онда қазақ тілін және бірнеше шет тілін тереңдетіп оқуға басымдық берілген», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Айта кетейік, жаңа білім ошағының құрылысы былтыр қараша айында басталған еді. Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушы орнына арналған. Оның инфрақұрылымында мектеп-пансион, мұғалімдер үйі, кітапхана, спорт кешені, жылыжай аумақтары және тағы басқа құрылыс нысандары қарастырылған.

Білім ұйымын 2026 жылы қолданысқа беру жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи