8 Маусым 08:42
...

Қазақстанда бүгін күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады

Жаңбыр
Фото: Ғаламтордан

Бүгін, 8 маусым күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ресми мәлімдеді.

АЛМАТЫ, NEGE. Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар мен циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар, осы аймақтарда нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғады. Ал еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Ауа райы тек республиканың орталығы мен шығысында жауын-шашынсыз болады. Солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Метеорологтар бірқатар облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертеді. Атап айтқанда:

  • Жоғары өрт қаупі: Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының бірнеше аудандарында сақталады.
  • Төтенше өрт қаупі: Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Қостанай, Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының оңтүстік, батыс, тау бөктері және таулы аудандарында күтіледі.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ТЖМ мен орман шаруашылықтары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.