USD
USD
USD

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің мәлімдеуінше, Қазақстанда бірыңғай QR-кодты осы жылдың шілде айына қарай іске қосу жоспарланып отыр.

QR-код
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Ұлттық банк басшысы барлық банк қажетті құжаттарға қол қойғанын атап өтті.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұған дейін банктер өздерінің QR-төлемдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке технологияларына, экожүйелеріне және құралдарына едәуір инвестиция салған.

«Енді бұл жүйелерді бір-бірімен "үйлендіру" қажет, яғни олар бір-біріне қауіпсіз форматта, қорғалған ортада қолжетімді болуы тиіс. Бұл белгілі бір уақытты талап етеді. Жазға қарай бұл жүйенің іс жүзінде жұмыс істей бастағаны туралы жақсы жаңалықпен қуанта аламыз деп үміттенеміз.

Қайталап айтамын, заңнан бастап бірыңғай жүйеге қосылу жөніндегі келісімшарттарға дейінгі барлық құқықтық мәселе реттелген, енді техникалық мәселелер ғана қалды. Жазда оларды толыққанды іске асыруға көшеміз деп үміттенемін. Шамамен шілде айына қарай», – деді Сүлейменов.

Еске салсақ, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі банктердің банкаралық QR-төлемдер жүйесіне қосылу туралы талапты орындамай отырғанын сынға алған еді. Президент цифрлық төлем инфрақұрылымына қатысты мәселені жеделдетіп шешуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева