USD
USD
USD

Қазақстанда бір жылда АИ-92 бензинінің бағасы 15%-ға өсті

2026 жылғы шілдеде АИ-92 бензинінің бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсті. Ал АИ-95 және АИ-96 бензиндері бір жылда 17%-ға, АИ-98 – 13,8%-ға, ал дизель отыны 10,5%-ға қымбаттады.

Бензин, дизель
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Energyprom.kz ақпаратынша, өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда, шілдеде АИ-92 бензині 4,5%-ға, АИ-95 және АИ-96 – 4,8%-ға, АИ-98 – 6,4%-ға, дизель отыны – 2,5%-ға, автогаз – 1%-ға, ал электромобильдерді қуаттауға арналған электр энергиясы 2,3%-ға қымбаттаған.

Ал шілденің өзінде АИ-92 бензинінің бағасы 1,7%-ға, дизель отыны – 1,1%-ға, АИ-98 бензині – 0,7%-ға, АИ-95 және АИ-96 – 0,3%-ға өсті. Автогаз небәрі 0,1%-ға қымбаттаса, электромобильдерді қуаттауға арналған электр энергиясының құны бір ай ішінде өзгерген жоқ. Осылайша, биыл отынның әртүрлі түрін пайдаланатын автокөлік иелерінің шығындары айтарлықтай әртүрлі қарқынмен өзгеріп отыр. 

Осы жылғы маусым айындағы дерекке сүйенсек, тіркелген жеңіл автокөліктердің 88%-ы бензинмен жүретіні белгілі болды. Сонымен қатар аралас отынмен (бензин, газбаллонды отын және электр қуаты) жүретін көліктердің үлесі 9,1%-дан 7,3%-ға дейін, ал дизель отынымен жүретін көліктердің үлесі 2%-дан 1,7%-ға дейін төмендеген. Керісінше, газбаллонды отынмен жүретін көліктердің үлесі 0,1%-дан 0,3%-ға дейін, ал электромобильдердің үлесі нөлге жуық деңгейден 0,5%-ға дейін өсті. Осылайша, басқа отын түрлерінің таралуы әзірге жеңіл автокөлік паркіндегі бензиннің үстемдігін төмендете қойған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы