USD
USD
USD

Қазақстанда бір айда 168 мыңнан астам көлік тіркелді

«Оның ішінде ең үлкен көрсеткіші Алматыда тіркелді», деп хабарлады Ұлттық статистика комитеті.

айыппұл
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Елімізде қараша айында 168,3 мың көлік тіркелді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% өсті. Оның ішінде жеңіл автомобильдер саны 5,2% және жүк көліктері 31% көбейіп кетті, ал автобустар саны 14,4% азайды.

«2024 жылғы 1 желтоқсанына Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5694,5 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар», — деп хабарлады Ұлттық статистика комитеті.

Алғаш рет тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 31 149 бірлікті құрады. Жаңа автомобильдердің ең көп саны тіркелген:

Алматы қаласында – 6351 бірлік;

Астана қаласында – 4300 бірлік;

Шымкент қаласында – 3416 бірлік;

Алматы облысында – 2869 бірлік.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат