USD
USD
USD

Қазақстанда бизондар қайдан жүр?

Желіде жайылып жүрген бизондардың видеосы тарады. Сирек кездесетін кадрлар бірден желі қолданушыларының назарына ілікті.

tiktok.com/@mihkail09/видеодан кадр
Фото: tiktok.com/@mihkail09/видеодан кадр

Астана, NEGE. Бизондар түсірілген видео TikTok желісінде жарияланды. Автор бизондарды табиғи ортасында жем-шөп жеуге келгенде видеоға түсіріп алғанын айтады.

Бейнежазбадан жануарлардың көлік дыбысынан үрікпей, жайбарақат жайылып жүргенін аңғаруға болады.

«Бұл Солтүстік Америка емес. Бұл – Қазақстан. Ал мыналар – бизондар. Олар қоректенетін науаларға жүгіріп келді», – дейді ер адам кадр сыртында.

«Бұйратау» ұлттық паркі мамандарының мәлімдеуінше, 2020 жылы ұйым мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі арасындағы жасалған меморандумға сәйкес, туристерді тарту үшін 10 канадалық бизон әкелінген. Олардың саны қазір 26 басқа жеткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино