USD
USD
USD

Қазақстанда биыл рекордты 825 мың тонна авиациялық отын өндірілмек

Энергетика министрлігі биыл 825 мың тонна авиациялық отын өндірілетінін хабарлады. Бұл жоспарланған 750 мың тоннадан 75 мың тоннаға артық.

авиаотын өндірісі
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Ведомствоның ақпаратынша, былтыр 726 мың тонна авиаотын өндірілді.  Биыл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп өнім өндірілмек.

«Алдағы уақытта өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып, 2031 жылға қарай оны 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр», – делінген хабарламада.

Бұл ретте Қазақстанның азаматтық авиациясының, күштік құрылымдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік материалдық резервінің қажеттіліктері отандық авиациялық отын есебінен толық қамтамасыз етілетіні атап өтілген. Ал жолаушылар авиациясының ішкі жылдық қажеттілігі 680 мың тоннаны құрамақ.

Еске салсақ, бұған дейін Air Astana және FlyArystan компанияларына авиаотынға байланысты айыппұл салынғанын жазған едік. Тексеру кезінде екі ірі әуекомпанияның авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәліметтер ұсынғаны анықталған.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды

Қылмыстық іс

Ақтауда ерлі-зайыпты интим қызмет көрсететін адамды бопсалап, 3 млн теңге талап еткен

әйел

Журналист Александра Алехованың жазасы жеңілдетіліп, кәсіби қызметімен айналысуға рұқсат берілді

Александра Алехова

Ұсталған Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев туралы не белгілі?

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев