USD
USD
USD

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

2026 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан 33 млн тонна мұнай экспорттаған.  Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 млн тоннаға немесе 6,7%-ға аз.

Мұнай
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Ranking.kz деректері бойынша, экспорттың ақшалай көлемі былтырғы 19,5 млрд доллардан 18,8 млрд долларға дейін төмендеген. Осыған қарамастан, бір тонна мұнайдың орташа құны 550 доллардан 568 долларға дейін өскен.

Қазақстан мұнайын негізінен Италия, Нидерланд, Франция, Түркия және Грекия сатып алған. Экспортталған мұнайдың шамамен 71%-ы осы бес елге сатылған. Мұнайдан түскен экспорттық табыстың да 72%-ға жуығы осы елдерден келген.

Биыл қаңтар-маусым айларында Қазақстан мұнайын әдеттегідей Италия көбірек сатып алған. Бұл елге 6,8 млрд долларға 11,8 млн тонна мұнай экспортталған. Былтырмен салыстырғанда  бұл елге 17,1 млн тонна мұнай кем тасымалданған, сәйкесінше түсім де 5 млрд долларға азайған.

Ал Нидерландқа биыл 2,5 млрд долларға 4,4 млн тонна, Францияға 1,9 млрд долларға 3,2 млн тонна, Түркияға 1,3 млрд долларға 2,1 млн тонна, Грекияға 1 млрд долларға 1,9 млн тонна мұнай экспортталған.

Қазақстан мұнайын ірі көлемде сатып алған басқа елдердің қатарында Сингапур (1,5 млн тонна), Румыния (1,4 млн тонна), Испания мен Қытай (әрқайсысы 1,2 млн тонна), сондай-ақ Германия (1 млн тонна) бар.

Қалған елдерге жалпы көлемі 3,4 млн тонна болатын мұнай экспортталған. Оның жалпы құны 1,9 млрд доллар болған.

Мұнай экспортының қысқаруын сарапшылар елдегі өндіріс көлемінің төмендеуімен де байланыстырады. Қаңтар-маусымда Қазақстанда 45,7 млн тонна мұнай өндірілген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон