USD
USD
USD

Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияда еліміздің тарихы Ұлы даланың мыңжылдық шежіресімен сабақтас екені айқын көрініс тапқанын атап өтті.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президенттің айтуынша, Алтын Орда өзінің басқару институттары, дипломатиялық қызметі, байланыс және кеден жүйесі, әлемде мойындалған валютасы, озық инновациялары бар орта ғасырдағы алып ел болды.

«Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады.

Алтын Орданың ең басты мұрасы – оның мызғымас құндылықтары. Себебі алып мемлекетте діні, тілі, мәдениеті мен дәстүрі бөлек адамдар ортақ ережелер аясында тату-тәтті өмір сүрді. Бабаларымыздың осындай тағылымды жолы біз үшін өшпес өнеге және басты стратегиялық бағдар болып қала береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Президент, сондай-ақ, Алтын Орданың жетістігі Еуразиядағы көптеген халықтың ортақ игілігі екенін, оның мұрагері ретінде Қазақстан Еуразияның біртұтастығын, өсіп-өркендегенін және ондағы мемлекеттердің барлығы тату-тәтті ғұмыр кешкенін құптайтынын жеткізді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан «өзгелердің таптаурын болған тәжірибелері мен идеяларын үлгі-өнеге етпеуі, өнбейтін дау-дамайдан бойды аулақ салуы» керек екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Айгүл Сайлыбаеваның қазасы: Ресейде күдікті Донцовтар ұсталды

қылмыс

Алматыда перзентханада ана мен бала көз жұмды

сәби өлімі

6-7 маусымда Астанада Astana Half Marathon-ға байланысты қозғалыс шектеледі

Астана

Қырғызстанның экс-премьері Данияр Үсеновтің ұлы Алматыда қамауда отыр

Данияр Үсенов