USD
USD
USD

Қазақстанда байланыс операторларына 300 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Қазақстанда биыл қаңтар-шілде айларында сапа стандарттары мен техникалық нормаларға сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін ұсынуға қатысты 98 құқықбұзушылық тіркелген. 

Айыппұл
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Finprom ақпаратынша, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Негізгі шағымдар ірі компанияларға қатысты болған әрі құқықбұзушылықтардың басым бөлігі қайталанған.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Байланыс саласындағы заңнаманы бұзу» деп аталатын 637-бабының 14 және 15-бөліктері 2022 жылғы шілдеде енгізілген. Алғашқы жылдың өзінде уәкілетті органдар осы бап бойынша 497 әкімшілік құқықбұзушылықты тіркеген.

Сарапшылар мұндай жоғары көрсеткішті нарық қатысушыларының жаңа заң талаптарына бейімделуімен, сондай-ақ техникалық жаңғыртудың баяу жүруімен түсіндіреді. 

Осы үрдістермен қатар байланыс компанияларына салынған айыппұл көлемі де өзгерген.

Құқықбұзушылықтар ең көп тіркелген жылы айыппұл көлемі де рекордтық көрсеткішке жетіп, шамамен 1,5 млрд теңге болған.

Кейінгі екі жылда бұл көрсеткіш төмендеген. Ал 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында мұндай айыппұлдардың жалпы көлемі 314,6 млн теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 64,1%-ға артқан.

«Бұл тіркелетін құқықбұзушылықтар санының өсуіне, сондай-ақ өндіріп алынатын соманы есептеу кезінде негізге алынатын АЕК мөлшерінің артуына байланысты», – деп жазады Finprom.kz.

Сауда және интеграция министрлігінің сарапшылары да қазақстандықтардың байланыс қызметтеріне қатысты шағымдары көбейгенін атап өтеді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық департаменттеріне байланыс қызметтеріне қатысты шамамен 2,6 мың шағым түскен. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,7%-ға көп. Ал биыл қаңтар-шілде айларында осындай 1,2 мың өтініш келіп түскен.

Тұтынушылардың байланыс операторларына шағымдануының негізгі себептері:

  • абоненттік төлемді заңсыз алу;
  • интернет қызметінің сапасыз көрсетілуі;
  • тарифтік жоспар құнының қымбаттауы;
  • тұтынушыға ескертпестен тарифтік жоспарды өзгерту.

Дегенмен әрбір жағдай әкімшілік құқықбұзушылық статистикасына енгізіле бермейді. Комитет төрағасының орынбасары Дәурен Исмаиловтың айтуынша, қазақстандықтардың өтініштерінің едәуір бөлігі құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін немесе даулы мәселелерді сотқа дейін реттеу аясында шешіледі екен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ұлттық банк, ҰҚК және Жоғарғы сот кеңесінің төрағаларын қайта тағайындады

Сүлейменов, Сағымбаев, Малахов

Құрылтай сайлауы мінсіз ұйымдастырылды – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақта жүзге кірмейтін рулар көп – тарихшы

Қазақ рулары

Діни маркетинг: қасиетті құндылық пен коммерцияның арасы қайда?

Діни маркетинг