USD
USD
USD

Қазақстанда байланыс операторлары онлайн-казино жарнамасын SMS арқылы таратқан

Қазақстанда ұялы байланыс операторлары қолданыстағы тыйымға қарамастан, онлайн-казино жарнамасын SMS хабарламалар арқылы таратып келеді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Ұялы телефон
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ведомствоның дерегінше, елде жаппай SMS тарату қызметін ұсынатын 11 агрегатор тіркелген, оның екеуі онлайн-казино жарнамасын жолдаумен айналысқан. Мысалы, бір қызметте Nomad-Casin және Sultan Game атты жіберуші аттары тіркеліп, агрегатор тарапынан мақұлданған. Осылайша, бұл атауларды жаппай SMS тарату кезінде еркін қолдануға мүмкіндік берілген.

«Сонымен бірге, «Жарнама туралы» заңның 6-бабына сәйкес, азаматтарға онлайн-казино жарнамасын жаппай таратуға тыйым салынған. Алайда ұялы байланыс операторлары тиісті сүзгіден өткізбестен осындай хабарламаларды халыққа таратып отыр. Бұл жағдай SMS-агрегаторлар мен байланыс операторлары қызметіне қатысты мемлекеттік реттеу мен бақылаудың болмауынан туындаған. Бұған қоса, қолданыстағы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылмаған», — делінген агенттік хабарламасында.

Осыған байланысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Байланыс туралы» заң мен Әкімшілік кодекске түзетулер енгізуді ұсынып отыр. Ұсыныстарға сәйкес, агрегаторлар альфа-аттарды сатып алушыларды міндетті түрде сәйкестендіруі тиіс, сондай-ақ мұндай бұзушылықтарға жол берген тұлғалар үшін жауапкершілік белгілеу қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Астанада қонақ үй кәрізінен шала туған сәби табылды

шақалақ

Ақтауда жоғалып кеткен бозбаланың мәйіті судан табылды

жоғалған бозбаланы іздестіру

Бітіру салтанатында диплом жыртқан түлек желіде кешірім сұрады

диплом

Қазақстанда жас кәсіпкерлер саны азайып кеткен

жеке кәсіпкерлік