USD
USD
USD

Қазақстанда баспана бағасы төмендеуі мүмкін

Базалық мөлшерлеменің көтерілуі жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның тұрақтануы мен төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Баспана
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сүлейменовтің айтуынша, базалық мөлшерлеменің өсуі инфляцияны төмендетуге, демек, жалпы баға өсімін, оның ішінде шаршы метр бағасын тұрақтандыруға бағытталған.

«Мұнда тікелей әсер жоқ шығар: базалық мөлшерлеме инфляцияны төмендетуді көздейді. Ол жалпы инфляцияны және оның құрамдас бөліктерін, соның ішінде тұрғын үй шаршы метрінің құнын азайтуға бағытталған. Сондықтан жалпы баға деңгейі төмендеген сайын тұрғын үй бағасы да тұрақталады деп үміттенуге болады», - деді Сүлейменов Ұлттық банктегі брифинг барысында.

Ұлттық банк басшысы мөлшерлеме экономикалық ықпал етудің тек бір құралы екенін атап өтті. Тұрғын үй нарығына өзге де факторлар әсер етеді: құрылыс материалдарының құны, жобалық және инженерлік жұмыстардың бағасы, жалақы деңгейі және азаматтардың балама құралдарға инвестиция салу мүмкіндігі.

«Мұнда тікелей байланыс жоқ және мұны түсіну маңызды. Дегенмен, базалық мөлшерлеменің төмендеуі экономикадағы жалпы баға деңгейіне әсер ете отырып, тұрғын үй секторындағы бағаның тұрақтануы мен төмендеуіне де ықпал етуі тиіс», - деп түйіндеді ол.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.