USD
USD
USD

Қазақстанда балаларға кешкі мектептерде оқуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда мектеп жасындағы балалардың кешкі мектептерде білім алуына шектеу қойылмақ. Оқу-ағарту министрлігі осыған қатысты бұйрық әзірлеп жатыр. 

мектеп БҚО
Фото: zhaikpress.kz

Астана, NEGE. Құрылтай қабырғасында өткен Үкімет сағатынан кейінгі брифингте министр елде 34 кешкі мектеп жұмыс істейтінін мәлімдеді. Онда 2 504 адам білім алса, олардың 855-і – кәмелетке толмағандар.

Ведомство басшысы кешкі мектептерде тіркеуде тұрған балалардың бір бөлігі сабаққа қатыспайтынын және іс жүзінде білім алмайтынын айтты. Сондықтан министрлік мектеп жасындағы балаларды кешкі мектептерден шығарып, жалпы білім беретін мектептерде оқытуды көздеп отыр.

«Кешкі мектептер жұмысын жалғастырып, ересектер білім ала алады. Бірақ мектеп жасындағы барлық бала жалпы білім беретін мектептерде оқуы тиіс. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар үшін орта білім алудың басқа тетіктерін қарастырамыз», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің сөзінше, кешкі мектептер жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Қазір кейбір өңірлерде мұндай мектептер жабылып жатыр. Дегенмен оларға деген қажеттілік әлі де бар.

Әзірге министрлік жаңа бұйрықтың нақты қашан күшіне енетінін айтқан жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қамауда 119 бала отыр: министр олардың оқу мәселесін қалай шешпек?

сотталған

Қазақстанда туу туралы куәлікке баланың суреті енгізілуі мүмкін

сәби

Қарағандыда инвесторларға жер бермеген екі шенеунікке 865 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

«Мұғалімдерді мәжбүрлемейміз»: министр ақылы курстарға қатысты пікір білдірді

Атаналар чаты