USD
USD
USD

Қазақстанда балаға анасының ұлтын беру мәселесі қаралады

Конституциялық сот жаңа туған сәбидің ұлтын айқындаудың жаңа тәртібін енгізіп жатыр.

Ана мен бала
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимова бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде бірқатар заң жобаларына қатысты маңызды ұсыныстар айтты.

Алқабилердің сот процесіне қатысуына, баланың ұлтын анықтауға және көрсетуге, бала асырап алудың құқықтық институтын жетілдіруге және алименттік міндеттемелерге қатысты құқықтық ұстанымдарды ескере отырып, Қылмыстық-процестік, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстерге және олармен байланысты баcқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу ұсынылды.

Бұған дейін балаға туыла сала, туу туралы куәлікке тек әкесінің ұлты жазылса, қазір таңдау еркі әкесі мен шешесіне де беріледі.

Отбасы мүшелері ақылдасып, ортақ мәмілеге келгеннен кейін, анасының да ұлтын беру құқығы қарастырылуда. Дегенмен анасы мен әкесінің ұлтынан бөгде басқа ұлтты таңдауға рұқсат жоқ делінген ресми мәлімдемеде. Ал ата-анасы жоқ жетім балаларды асырап алған жанұялар өз тегін беруімен қатар, шыққан диаспорасын да жаздыра алады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.