USD
USD
USD

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

Қазақстанда міндетті автосақтандыру құны бойынша өзгеріс енгізілмек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше, көлікті ұқыпты жүргізетін жүргізушілер сақтандырудың барынша тиімді шарттарын ала алады, ал апат тәуекелі жоғары жүргізушілер үшін полис құны жоғары болмақ.

жүргізуші
Фото: Pixabay.com

 Астана, NEGE. Тиісті өзгерістер «Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы» жобасында қамтылған.

Жоба бойынша сақтандыру сыйлықақысы жүргізушілердің жеке скоринг жүйесін ескере отырып есептелмек. Мұндай жағдайда сақтандырушылар сыйлықақы құнын есептейтін кезде Бірыңғай сақтандыру дерекқоры мен мемлекеттік дерекқордың ақпаратын негізге алады. Онда шығындар тарихы, жүргізушінің жүргізу стилі, жол ережелерін бұзуы, жүргізушінің көлік жүргізу өтілі мен жасы және автомобиль сипаттамалары ескеріледі.

Агенттік дерегінше, 2021-2025 жылдар аралығында міндетті автосақтандыру бойынша сыйлықақылардың көлемі 44%-ға – 82 млрд теңгеден 118 млрд теңгеге дейін, сақтандыру төлемдерінің көлемі 179%-ға – 38 млрд теңгеден 106 млрд теңгеге дейін өскен.

«Жаңа жүйеге көшу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бірінші кезеңде скорингтің полистің құнына әсері қолданыстағы тарифтің ±20% шегімен шектеледі. Олардың объективтілігі расталғаннан кейін бірыңғай тарифтік дәлізге көшу жоспарлануда, оның шегінде сақтандырушылар полистің құнын дербес анықтай алады», – деп түсіндіреді ведомство өкілдері.

Бұл ретте реттеуші тарифтік дәліздерді тәуелсіз актуарлық бағалау негізінде белгілейді және ол нарықтық жағдайларға байланысты үнемі қайта қаралып отырады.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы