USD
USD
USD

Қазақстанда автокөлік шиналарының өндірісі артады

2025 жылы Tengri Tyres зауытында 1 млн-нан астам жеңіл автокөлік шинасы шығарылады деп жоспарланып отыр.

автокөлік шиналары
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда зауыт жазғы және қысқы дөңгелектерді өндіреді.

Компания басшылығының мәліметінше, өнім ішкі нарыққа және Ресейге экспортталады.

«Біз әлі толық өндірістік қуатқа шыққан жоқпыз, сондықтан еліміздің барлық сауда нүктелерінде біздің брендтің шиналарын таба алмайсыз. Дегенмен, дамып келеміз, өндіріс көлемін арттырып жатырмыз. Қазіргі уақытта зауытта 844 адам жұмыс істейді. Жоспар туралы айтсақ, жеңіл көлік шиналары бойынша зауытты толық қуатқа шығару көзделіп отыр. Айта кетейін, жеңіл көліктерге арналған шина өндірісінің жобалық қуаты – 3 млн дана. Сонымен қатар қазіргі кезде жүк көліктеріне арналған шиналарды жаппай өндіруге кірісіп жатырмыз», – деді «Tengri Tyres» ЖШС директоры Александр Уставщиков.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат