USD
USD
USD

Қазақстанда автогаз құны жанармай құнымен тең болады

Мәжіліс кулуарында Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов 2025 жылы Қазақстанда автогаз бағасының тағы да көтерілетінін айтты.

Автогаз
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Келесі жылы сұйытылған газ қымбаттайды, жақын арада автогаз бен бензин бағасы бірдей болады.

Әлібек Жамауов сұйытылған мұнай газының тапшылығы жоқ екенін айтты.

– Кейінгі екі жылда осы кемшіліктерді қолымызбен жабуға тырысып жатырмыз. Ұлттық компанияларымыздан бізді қолдап, басқа отынға қарағанда сұйытылған мұнай газын көбірек өндіруін сұраймыз. Сондай-ақ сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салынды. Бағаны кезең-кезеңімен көтеруді жоспарлап отырмыз. Биыл бізде 5-8 теңгеге өсті. Келесі жылы да газ шамамен 10 теңгеге қымбаттайды. Біздегі 20 аймақта баға әртүрлі. Мысалы, Алматыда литріне 75 теңге болса, келер жылы 85 теңге болады, – деді вице-министр. 

Ол жанармай мен газ бағасының теңестірілетінін мәлімдеді.

– Бізде автокөлік жүргізушілері сұйытылған мұнай газына белсенді көшіп жатыр. .Уақыт өте автогаз құны жанармай құнымен теңескен соң, жүргізушілер автогазға ауысуын доғарады деп ойлаймын. Біз газ құнын жанармаймен теңестірмекпіз, себебі дәстүрлі отын ретінде жанармай мен дизель қолданылып келді. Ал сұйылтылған газ қозғалтқыштың отыны емес, ол мұнайгаз химиясында қолданылуы керек, – деді Жамауов.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов