USD
USD
USD

Бектенов: «Ауқатты адамдар мемлекеттен көмек алмауы керек»

Қазақстанда 2027 жылдан бастап әлеуметтік көмек отбасының мәртебесіне емес, нақты мұқтаждығына қарай берілуі мүмкін. Үкімет бұл өзгеріс арқылы үш жылда 2,5 трлн теңгеге жуық қаражат үнемдеуді көздеп отыр.

Ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Құрылтайда 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде мәлімдеді.

Үкімет басшысы көпбалалы отбасыларды мысалға келтірді. Қазір олардың арасында табысы төмен отбасылармен қатар, өздерін толық қамтамасыз ете алатын ауқатты отбасылар да бірдей қолдау шараларын алуы мүмкін.

«Бұны әділетсіз деп есептейміз. Өз күнін өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар ауқатты адамдар мемлекеттен көмек алмауы керек», – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің айтуынша, мемлекеттік қолдау қиын жағдайға тап болып, өз қажеттіліктерін өз бетінше өтей алмайтын азаматтарға бағытталуы тиіс. Сонымен бірге әлеуметтік көмек тұрақты табыс көзіне айналмай, адамның қиын жағдайдан шығып, өз күнін өзі көруіне мүмкіндік беруі керек.

Үкіметтің есебінше, жаңа тәсіл 2027 жылы бюджетке шамамен 700 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал үш жылдағы жалпы үнем 2,5 трлн теңгеге жуық болуы мүмкін.

Айта кетейік, жақында Үкімет жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу тәртібінің жаңа шарттарын бекітті. Жаңа талап бойынша мұқтаж азаматтар жәрдемақының 10 түрін ала алады.

Қазір оқып жатыр

ДСМ Алматыда елуге жуық оқушы уланған мектеп асханасында қандай талаптар бұзылғанын айтты

Асхана, тамақ

Үкімет басшысы бюджет тапшылығы 1 трлн теңгеге дейін қалай қысқартылатынын түсіндірді

Олжас Бектенов

Қауіпсіздік пен мемлекеттік басқаруға 4,9 трлн теңге бөлінбек

Құрылтай отырысы

Бектенов жол саласын түбегейлі реформалау жөніндегі жұмыс тобын құрды

жол