USD
USD
USD

Қазақстанда ауаның ластануына тұрғындардың өзі кінәлі болып шықты

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның 11 қаласында ауа ластануының тұрақты жоғары деңгейі тіркелген.

Ауа ластануы
Фото: auagroup.kz

Астана, NEGE. Экология министрлігінің «Қазгидромет» дерегіне сүйенген мәліметіне сәйкес, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе және басқа қалалар ең проблемалы қалалар тізімінде қалып отыр. Министрлік мәліметінше, ластанудың едәуір үлесі зауыт-фабрикаларға емес, шағын көздерге – автокөлікке, жеке секторға және шағын бизнес объектілеріне тиесілі екен.

Мысалы, Алматыда шығарындылардың 60%-ы көлікке, ал 12%-дан астамы жеке үйлер мен шағын қазандықтарға тиесілі.

«Осындай жағдай Өскеменде және басқа да ірі қалаларда байқалады», – делінген хабарламада.

Экология министрлігі Қытайға барып, ауа сапасын басқарудың кешенді тәсілі енгізілген Бейжің қаласының тәжірибесімен танысып келген. Нәтижесінде ведомство әкімдіктерге қытайлық тәжірибе негізінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қағидалар әзірлеуді тапсырды.

Ережеде жеке секторды газдандыру, қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде және шағын қазандықтарда қатты отынды пайдалануға тыйым салу, қоғамдық көлік пен таксидің электр тартқышы мен газға ауысуы, «Жұп-тақ күн» жүйесі бойынша ҰМУ-дағы қозғалысты шектеу және экологиялық аймақтарға бөлу, өнеркәсіптік аймақтардың айналасында жасыл белдеулер құру сияқты мәселелерді қамту талап етілген.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында өрт шықты

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Арменияның бұрынғы президенті мен оның ұлы ұсталды

Роберт Кочарян

Көлік жүргізушілерінің шағымынан кейін Павлодардағы бензин сапасы тексеріліп жатыр

Бензин, дизель

Алматыдағы блэкаут: Бектенов оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуды күшейтуді тапсырды

электр