7 Қараша 11:02
...

Қазақстанның көп өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады

күн жылыну
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» 7 қараша, жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Астана, NEGE. «Қазгидромет» мәліметінше, көп өңірде қолайсыз ауа райы сақталады. Бірқатар облыстарда тұман түсіп, көктайғақ пен жаяу бұрқасын күтіледі. 

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қаласында  түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Семей қаласында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.

Астанада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында кей уақыттарда тұман күтіледі.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көкктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қаласында көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанай қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетау қаласында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавл қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.