USD
USD
USD

Қазақстанда Astana автобусы шығарылмақ

Қазақстанда шығарылатын электр автобустары бойынша технологиялық серіктес ретінде BYD компаниясы таңдалған.

Автобус
Фото: Астана әкімдігі

 Астана, NEGE. Бұл жөнінде Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Astana Motors компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев мәлімдеді.

«Олар (BYD – ред.) бізге батареялар мен автобус корпусын жеткізеді. Автобустың дизайнын Коммерциялық техника бөлімінің конструкторлық бюросы әзірледі. Сонымен қатар газбен және дизель отынымен жүретін автобустар да шығарылады», – деп атап өтті Несіпбаев.

2026 жылы компания BYD электр автобустарын шығаруды жолға қойды. Енді осы брендтің жеңіл автокөліктерін де өндіру жоспарланып отыр.

Бұған қоса Astana Motors басшысы өткен аптада Шанхайда Omoda және Jaecoo брендтерін құрастыруға арналған лицензиялық келісімге қол қойылғанын еске салып өтті. Сонымен қатар коммерциялық техника зауытында қытайлық GMC маркалы техникасын шығару жұмыстары басталды. Сондай-ақ Volvo магистральдық тартқыштарын өндіру туралы келісімге қол жеткізілген.

Несіпбаевтың мәлімдеуінше, қыркүйек айында автокөлік орындықтарының қаптамасын тігу басталады, сондай-ақ мультимедиялық жүйелер өндірісі жолға қойылды.

Ал жақын болашақта жылыту жүйелерін, автокөлік еденіне арналған кілем жабындарын және бәсеңдеткіштерді өндіру жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Алматы және Алматы облысында электр энергиясы тарифін 8,3%-ға көтеру ұсынылды

тариф

Әбілқасымованы отставкаға жіберу туралы петицияға агенттік жауап берді

Мадина Абылкасымова

Таиландтан сәлемдеме алып жүрген алматылық жігіт 16 жылға сотталды

есірткі бизнесі

Ресейде кәмелетке толған азаматтарға әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға рұқсат етілмек

заң