USD
USD
USD

Қазақстанда ана сүтінің банкі ашылды

Қазақстанда алғаш рет ана сүтінің банкі ашылды. Ол Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында іске қосылды.

сүті
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Ана сүтінің банкі мерзімінен бұрын туған нәрестелер мен ерекше медициналық күтімді қажет ететін жаңа туған сәбилерге арналған. Бұл банк – суытылған және мұздатылған сауылған сүттің қоры.

"Сүт стерильді жеке ыдыстарға сауылады, міндетті түрде таңбаланады (аты-жөні, сауылған күні мен уақыты көрсетіледі) және бұл процесс медбикенің бақылауымен жүргізіледі. Жеке де, клиникалық сүт сауатын құрылғыларды қолдануға рұқсат етіледі, – деп мәлімдеді Денсаулық министрлігі.

Мұндай банктер болашақта жоғары деңгейдегі перинаталдық көмек көрсететін барлық орталықтарда ашылады деп жоспарлануда. Бұл мекемелерде жоғары тәуекел факторлары бар жүкті әйелдер қабылданады. Министрлік атап өткендей, ана сүті – жаңа туған сәбилер үшін ең оңтайлы тағам және олардың иммунитетінің қалыптасуына ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек