Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АЭС салатын халықаралық консорциум көшбасшысы анықталды

Қазақстанда алғашқы АЭС салатын халықаралық консорциум көшбасшысы таңдалып алынды. 

Exit poll
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, ҚР Атом энергиясы агенттігінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен іріктеу жүргізілді.

Әлеуетті вендорлардың соңғы тізіміне мыналар кірді:

  • "Росатом "(Ресей);
  • "Қытай Ұлттық Ядролық Корпорациясы" (Қытай);
  • "Électricité de France" (Франция);
  • "Korea Hydro & Nuclear Power" (Оңтүстік Корея).

"Барлық қатысушылар өздерінің егжей-тегжейлі ұсыныстарын, оның ішінде болжамды баға, мерзімдері, қаржылық моделі, оқшаулау деңгейі және қызметкерлерді даярлау шаралары да қамтылған" делінген ресми хабарламада.

Assystem компаниясы және "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС-мен бірлесіп әзірленген кешенді бағалау негізінде "Росатом" жеңімпаз ретінде танылды. Екінші орынды қытайлық компания, үшінші орынды француз және корей компаниялары иеленді.

Қазір Қазақстан мен "Росатом" Ресей тарапынан экспорттық қаржыландыруды тарту мүмкіндігін талқылауда.

ҚР Атом энергиясы агенттігі Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу бойынша тиімді халықаралық консорциумды қалыптастыру бойынша шетелдік әріптестерімен түзілген жұмысты ары қарай жалғастырады.

2025 жылдың қаңтарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда АЭС-тің жобалау жұмысына қанша уақыт кететінін айтқан болатын. 2025 жылдың ақпанында министрлік алғашқы АЭС үшін реакторлық технологияның негізгі әлеуетті жеткізушілерін атады.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант