USD
USD
USD

Қазақстанда алғаш рет таеквондодан әлем чемпионаты өтеді

Қазақстан таеквондодан (WT) 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу орны ретінде ресми түрде таңдалды.

таеквондо
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Бұл шешім Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) жиынында қабылданды.

Дүниежүзілік федерацияға мүше елдердің өкілдері бірауыздан Қазақстанның кандидатурасын қолдады. Олар Астанада өткен халықаралық турнирлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті.

Алдағы әлем чемпионаты Қазақстанда және Орталық Азияда алғаш рет өтпек. Федерация турнирді Астанада ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Уси қаласына әлемнің 179 елінен 991 таеквондошысы 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жиналды. 24-30 қазан аралығында өтетін әлем біріншілігінде ел намысын 16 таеквондошы қорғайды.

Қазір оқып жатыр

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД