2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қазақстанда алғаш рет республикалық «Ұлттық кітап» байқауы өтеді

«Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық кітап» байқауын жариялайды.

авторлар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Байқаудың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету. Аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.

Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады.

Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді.

Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:

◾️Балаларға арналған үздік кітап;

◾️Үздік комикс;

◾️Нон фикшн бағытындағы үздік кітап;

◾️Детектив жанрындағы үздік кітап;

◾️Сатира жанрындағы үздік кітап;

◾️Үздік илюстрациялық кітап;

◾️Үздік аударма кітабы;

◾️Фантастика жанрындағы үздік кітап;

◾️Үздік баспа;

◾️«Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы.

Байқауға қатысатын жұмыстардың көркемдік деңгейі, тіл тазалығы, сөздік қоры, өзіндік стильдің болуы, тақырып өзектілігі, мазмұн тереңдігі, тарихи әділдігі, өндірістік сапаның жоғары болуы, дизайнерлік жұмыстың жоғары болуы сияқты критерийлерге сәйкес келуі керек.

Байқауға өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 775 897 7788

Айта кетсек, Қазақстанда Үкіметтің Қаулысымен 23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» мерекесі бекітілді. Бұл мерекелік дата Мемлекет басшысының қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болды.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті