USD
USD
USD

Қазақстанда алғаш рет 15 жастағы жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды

Қазақстандағы мұндай алғашқы отаны UMC дәрігерлері жасады.

Жүрек траснплантациясы
Фото: facebook.com/heartcenter.kz

Астана, NEGE. Орталық мәліметінше, ота жасалған науқастың жасы – 15-те. Ол 10 жасында жүректің ауыр дертіне шалдыққан. Сол кезден бері бала жиі ауруханаға түсіп, қалыпты өмір сүруі шектелген. Дертпен күрестің жалғыз жолы жүрек трансплантациясы болған.

Жасөспірімге ми өлімі диагнозы қойылған 43 жастағы ер адам донор болды. Ер адамның диагнозы расталғаннан кейін туыстары қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген. 

«Олардың осы шешімі мен дәрігерлер және трансплантологтар тобының үйлесімді жұмысының арқасында жасөспірім жаңа, толыққанды өмір сүруге мүмкіндік алды.

 

28 наурызға қараған түні Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы сәтті жасалды. Бұл – елімізде балалар трансплантологиясын іске қосу мен дамытудағы маңызды кезең», – дейді орталық өкілдері.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол жансақтау бөлімінен операциядан кейінгі бөлімге ауыстырылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде әртүрлі ағза трансплантациясын күтіп жүргендер тізімінде 123 кәмелетке толмаған науқас бар, олардың 9-ы жүрек трансплантациясын қажет етеді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда балаларға жүрек трансплантациясы әлемнің шектеулі елдерінде ғана жасалады, ал барлық трансплантациялардың 80%-ы АҚШ клиникаларына тиесілі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда – Энергетика министрлігі

Ерлан Ақкенженов

Атырау МӨЗ-дегі шығарындылар дауы: кәсіпорын не дейді?

мұнай өңдеу

ДДСҰ Иркутскідегі жағдайға қатысты қауіп деңгейін бағалады

уланған қыз

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты

Татьяна Савельева