USD
USD
USD

Қазақстанда әкімдіктердің біржолғы төлемін кім алатынын енді ЖИ анықтайды

Қазақстанда әкімдіктер көрсететін бірқатар мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау процесіне жасанды интеллект енгізіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

көмек
Фото: ntime.kz

Астана, NEGE. Министрдің айтуынша, жаңа жүйе осы жылдың тамыз айынан бастап мерекелік және атаулы күндерге берілетін біржолғы төлемдерді тағайындау кезінде қолданылады.

«Жүйе алушыларды алдын ала анықтайды және тағайындау жобасын қалыптастырады. Төлемді жүзеге асыру туралы түпкілікті шешімді жергілікті орган қабылдайды», – деді Еңбек министрі.

Сонымен қатар қыркүйектен бастап азаматтарға eGov Mobile арқылы мемлекеттік қолдау шараларына өтініш беру мүмкіндігін іске қосу жоспарланып отыр.

Ал қазан айында жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңейтіледі. ЖИ азаматтардың мұқтаждық деңгейін ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларын нысаналы түрде тағайындауға көмектеседі. Яғни жүйе шешімді өздігінен қабылдамайды, соңғы шешім жауапты мемлекеттік органның құзырында қалады.

Айта кетейік, Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтерді жаңғырту жұмыстары да жалғасып жатыр. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев QazTech платформасында әзірленген жаңартылған eGov 3.0 порталы іске қосылғанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер