USD
USD
USD

Қазақстанда АИ-92 бензині 5 теңгеге қымбаттайды

Қазақстанда бензин алдымен 5 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы бүгін өз министрлігінде журналистерге брифинг өткізіп жатқан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

бекет
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Әзірге сондай бір нақты алгоритм жоқ. Бүгін ашық айттым да. Алғашқы бағаның көтерілуі 5 теңгеге дейін болады деп күтіп отырмыз. 4 теңге болуы да мүмкін. Әрі қарай бағаның өзгеруіне біз өте қатты ден қоямыз. Біз нарыққа айтарлықтай сигнал бердік. Біз өндірушілерге де, жеткізушілерге де монополиядан табыс табуға жол бермейміз», – деді шенеунік.

«Сонда ай сайын 5 теңгеге дейін өседі деп отырсыз ғой», - деп сұрады журналист.

Министр оны алғашқы қымбаттаудан кейінгі ахуал көрсетінін атап өтті.

«Бағаның алғашы көтерілуі 5 теңгеге дейін деп айтуға болады. Әрі қарай қалай болатынын мен айта алмаймын», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева