USD
USD
USD

Қазақстанда 9 млн адам жұмыс істейді

Қазақстандағы 9 млн-нан астам адам жұмыс істейді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Жұмыс, резюме
Фото: pinterest.com

Алматы, NEGE. 2024 жылдың екінші тоқсанындағы жағдай бойынша 7 млн адам жалдамалы жұмыс істейді. Ал 2,2 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Бұл 15 жастан асқан адамдардың 65% еңбек етіп жүр деген сөз. Бірақ жұмыс күшінің санына шаққанда бұл көрсеткіш 95%-тен асады.

Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,7%. Немесе 451 мың адам екі қолға бір күрек таба алмай жүр деген сөз.

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 67 мың адам халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Азия ойындарының жеңімпаздары

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі