Референдум Референдум
USD
USD
USD

Қазақстанда 660 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ұлттық спорт түрлерімен тұрақты айналысатын азаматтардың саны 660 мыңнан асты.

Ойын
Фото: aikyn.kz

АЛМАТЫ, NEGE. Бұл – елдегі дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың 9,6 пайызынқұрайды (2023 жылы – 619,2 мың адам немесе 8,7%).

Ұлттық спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар саны – 1781 адам, оның ішінде 1004-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді.

2018–2024 жылдар аралығындағы өсім динамикасы:

  • 2018 жыл — 375 926 адам

  • 2019 жыл — 399 357 адам

  • 2022 жыл — 432 457 адам

  • 2023 жыл — 619 200 адам

  • 2024 жыл — 660 000-нан астам адам

Ең танымал ұлттық спорт түрлері:

  • қазақша күрес

  • тоғызқұмалақ

  • асық ату

  • көкпар

  • бәйге

  • теңге ілу

  • жамбы ату

  • аударыспақ

  • құсбегілік

  • дәстүрлі садақ ату

  • жекпе-жек және т.б.

Ұлттық спортты дамыту мақсатында еліміздің өңірлерінде 15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен 17 мамандандырылған клуб жұмыс істейді. Сонымен қатар жыл сайын 1000-нан астам ұлттық спорт түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда