USD
USD
USD

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Құқық қорғау органдары жыл басынан бері Қазақстаннан 40 мың литрден астам жанармайды заңсыз шығаруға жол бермеді.

Бензин, дизель
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы ахуал мен мұнай өнімдерінің Қазақстаннан заңсыз әкетілуінің алдын алу шаралары жөнінде жиналыс өткізді.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдегі мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты. Оның сөзінше, бензин, дизель отыны және авиаотын қоры ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге жеткілікті.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің мәліметінше, жыл басынан бері автомобиль өткізу пункттерінде жалпы көлемі 40 мың литрден асатын жанармайды заңсыз әкетудің 593 әрекеті тоқтатылған. Бұл бағытта шекара маңындағы аймақтарда бақылау күшейтіліп, тексеру жұмыстарын жүргізетін қызметкерлер саны артқан.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді топтардың тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Екі тәулік ішінде өткізу бекеттерінде қосымша бактар мен канистрлер арқылы 3 тоннадан астам жанармайды заңсыз алып шығудың 61 әрекеті анықталған.

Сонымен қатар, жанар-жағармай тасымалдайтын 18 арнайы көлік тексеріліп, олардың бірінен 34 тонна мұнай өніміне қатысты зертханалық сараптама жүргізу үшін сынамалар алынған.

Қазір мемлекеттік кірістер органдары жанармай сату көлемі күмән тудырған 62 жанармай құю бекеті мен 22 шағын мұнай өңдеу зауытының қызметіне талдау жүргізіп жатыр. Тексеру қорытындысына қарай тиісті шаралар қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы

.

«Мені қатты сөкпеңіз»: Бибісара Асаубаева қазақша үйреніп жүр

.

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.