USD
USD
USD

Қазақстандағы қарттар үйлерінде ер адамдар әйелдерге қарағанда көбірек

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанда 45 қарттар үйі жұмыс істейтінін айтты. 

қарттар үйі
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Қазір ол жерде 3 547 зейнеткер тұрады. Олардың 2 058 (58%) – ерлер, 1 489 (42%) – әйелдер.

Бектеновтің айтуынша, қазіргі стационар ұйымдарына балама ретінде жартылай стационарда және үй жағдайында қызмет көрсету бар.

«Сонымен қатар елде үйде әлеуметтік көмек көрсететін 134 бөлімше жұмыс істейді, олар 28 мыңнан астам жалғызбасты қарияларды қамтып отыр. Осылайша, қолданыстағы инфрақұрылым аталған санаттағы адамдардың қажеттілігін қазіргі уақытта толық өтеп отыр», – деп хабарлады премьер-министр.

2024 жылғы көрсеткіш бойынша Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жылды құрайды.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу