USD
USD
USD

Қазақстанда 247 емшара кабинеті қызметін тоқтатты

Қазақстанда жеке процедуралық кабинеттердің иелеріне заңбұзушылықтар үшін 15 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

ДСМ
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, заңбұзушылықтар жасаған немесе лицензияларға қажетті қосымшаларсыз жұмыс істеген 406 нысан анықталды. Түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін 247 емшара кабинеті өз еркімен қызметін тоқтатты.

Емшара кабинеттері эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандарға жатады және денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес болуға міндетті, – делінген хабарламада. 

Қалған нысандарда тексеру жалғасуда. 84 емшара кабинетіне қатысты жоспардан тыс тексерулер аяқталды.

Тексеру барысында мынадай заңбұзушылықтар анықталған:

  • медициналық қызметті лицензиясыз жүргізу;
  • санитариялық ережелерді сақтамау;
  •  дәрілік заттарды дұрыс сақтамау;
  • білікті медициналық персоналдың болмауы;
  • шұғыл көмек көрсету үшін жиынтықтың болмауы.

Жұмыс қорытындысы бойынша 15 млн теңгеден астам сомаға 122 әкімшілік хаттама жасалды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер