USD
USD
USD

Қазақстанда 2,4 млн тонна астық бастырылды

 2025 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 15 өңірде 2,4 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

А
Фото: astanafm.kz

Алматы, NEGE. Еліміздің оңтүстік аймақтарында егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Шымкентте егін орағы толығымен аяқталды.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің жедел деректеріне сәйкес, қазірдің өзінде 1,7 млн гектар астық жиналды, бұл жалпы егін алқабының 10,7%-ын құрайды және 2,4 млн тонна астық бастырылды", - деп жазылған хабарламада.

Егін жинау жұмыстарына 300 мыңнан астам техника:

139 мың трактор,31 мың комбайн,

17 мың астық жинайтын машина,

130 мың басқа да техника жұмылдырылды.

Энергетика министрлігімен бірлесіп, дизель отынын тиеп жөнелту бойынша мұнай өңдеу зауыттарына өңірлерді бөлу кестесі бекітілді. Соның арқасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері дизель отынын литріне 254 теңгеден алып отыр, бұл нарықтағы бағадан 18-20%-ға төмен. Қазіргі уақытта 135,4 мың тонна жанармай жөнелтілді.

Диқандар жоспардағы минералды тыңайтқыштармен 89% қамтамасыз етілген, жалпы 1,7 млн тонна тыңайтқыш жеткізілді. Қоймаларда тағы 43,3 мың тонна тыңайтқыш бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет 2024 жылы егіс және жиын-терім науқанын ерте қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. Бүгінде фермерлерді қаржыландыру жалғасуда:

жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 502,7 млрд теңгеге 7594 өтінім берілді,

"жеңілдікті лизинг" бағдарламасы бойынша 153,4 млрд теңгеге келісімшарт жасалды,

"Даму" қоры арқылы 228 млрд теңгеге 1312 кепілдік берілді.

Лицензияланған астық қоймаларының толтырылу көрсеткіші 2,2 млн тоннаны немесе 16%-ды құрайды. Элеваторлар мен астық қоймаларында орын тапшылығы жоқ.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net