USD
USD
USD

Қазақстанда 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр

Қазақстанда білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Қазір ел аумағында 232 жаңа мектеп салынып жатыр.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Оқу-ағарту министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған. Жобаның негізгі мақсаты үш ауысымды оқыту мәселесін шешу, оқушы орындарының тапшылығын жою және апатты мектептерді алмастыру.

Министрліктің хабарлауынша, өңірлерде 267 мың оқушы орнына арналған 232 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 157 мың оқушыға есептелген 105 жаңа мектеп пайдалануға берілген.

Сондай-ақ 135 мың оқушы орнына арналған 71 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынғаны айтылды. Жаңа білім беру нысандарының басым бөлігі Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында орналасқан.

Ұлттық жоба шеңберінде жалпы 460 мың орынға арналған 217 заманауи мектеп салу жоспарланып отыр. Оның 40 пайыздан астамы ауылдық жерлерде бой көтеруде. Бұл мектептер бұрынғы типтік жобалардан айтарлықтай ерекшеленеді.

Жаңа форматтағы мектептердің жалпы аумағы 15-20 пайызға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Әр білім ордасында робототехника кабинеттері, STEM зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары және төрт спорт залы қарастырылған.

Сонымен қатар шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде орналасқан 1000 мектепті жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бағдарлама аясында күрделі жөндеу, жиһаздарды жаңарту, кітапханалар мен асханаларды және қауіпсіздік жүйелерін жаңарту көзделген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза